Мен – менмін – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Мен – менмін» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір-ақ рет жаратылған,
Өз үнім өз кеудемде таратылған.
Не болды құйысқанға қыстырылсам?
Садаға кетсін атақ ар атынан!
Ешкімнің керек емес мадағы да,
Қажетсіз жылы, суық қабағы да.
Ілессе, сөз ілесер, білем оны,
Жүрген жоқ шөп ілесіп балағыма...
«Өзіңе сен,
Өзіңнің күшіңе сен»,
Күшіңе сен,
Істеген ісіңе сен.
Бұл жолда құлағанмен, жылағанмен,
Жүрмейсің еш уақытта түсіп еңсең.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері