Құмар деме – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Құмар деме» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Құмар деме біреуді жылатуға,
Жұбатуға дайынмын, сұра, тума.
Әуестігім тағы жоқ, әлсіреген,
Дұшпан екеш дұшпанды құлатуға.
Жүрген жоқпын біреуден асайын деп,
Тасайын деп, көңілін басайын деп.
Қолдан келсе, мен жүрмін барлығыңа,
Барлығыңа жақсылық жасайын деп.
Ешбіріңді, азамат, күндемеймін,
Өркен жайып күн сайын гүлде мейлің.
Сендер жақсы болсаңдар, мен де жақсы,
Мені жаман десең де үндемейін.
Сендер барда – қызықты тіршілігім,
Сендер құйдың жүрекке жыр шырынын.
Тілектеспін бәріңе, ей, азамат,
Майыспасын бір гүлің, бір шыбығың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құмар деме өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Құмар деме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құмар деме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құмар деме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері