Ата-анама
Бұл бетте «Ата-анама» атты Жарылқасын Аманұлы жазған ата туралы өлең берілген.
Сендер келген пәниге мен де келдім,
Таусылмайтын жолы бұл пенделердің.
Сендер кеткен бақиға менде кетіп,
Азаланып бір күні жерленермін.
Ал әзірге бір түйір талшығың боп,
Шексіз ғалам бетінде сенделемін.
Шыңнан құлап кейбірде шыңырауға,
Қыл ұшында ілініп тербелемін.
Уын да ішіп, тірліктің балын жедім,
Суып барам қалайша, жалынды едім.
Бұл-бұл ұшты көзімнен о, дүние-ай,
Қозы қуып, гүл терген сағым белім.
Жылатып та, жұбатар жалғыз өлең,
Жалғыз өлең қайғым да, бағым менің.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі