Қарасай бабаға
Бұл бетте «Қарасай бабаға» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 07.01.2024
- 0
- 0
- 1012
Қолдасын Аруағың, батыр бабам,
Рухың өзгелерден жақын маған.
Қол жайып қысылғанда бір өзіңе,
Келеді ғұмыр кешіп ақын балаң.
Дүние шыр айналып өтер заман,
Бұл жүрген бірте-бірте кетер адам.
Тойыңа 400 жылдық келіп тұрмыз,
Кеудеңді қара жерден көтер, бабам.
Келіп тұр ұрпақтарың, өрендерің,
Көз ашып бір сәт бізді көрер ме едің.
Бергендей Төле биге текті бата,
Маған да текті бата берер ме едің.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі