Сәкен Иманасовқа – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Сәкен Иманасовқа» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сәкен ақын, құрдасым, ақындығың ғажайып,
Ғажайыпқа бүгін күн арнап өлең жазайын.
Ақындарға серілік тұрушы еді жарасып,
Серілігің алпыста кеткендей ме азайып?
Екеуміз де, ей, Сәкен, Жетісудың түлегі,
Күркілдеген Келенің едік тарпаң үлегі.
Қайда кеткен тұратын ақындарға жарасып,
Жолбарыстың білегі, арыстанның жүрегі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері