Ысқылай берсең мысың да – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ысқылай берсең мысың да» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ысқылай берсең мысың да,
Алтындай болып жарқырар.
Бірақ та алтын емес қой.
Селдете сел де сарқырар,
Сарқырар да тартылар,
Тербелген теңіз емес қой.
Кімнен кім дейсің артылап,
Артылса бір күн сарқылар,
Адамдар Құдай емес қой.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері