Қызықтырмас ешкімнің дәулеті де – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қызықтырмас ешкімнің дәулеті де» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қызықтырмас ешкімнің дәулеті де,
Қызықпадым салтанат сәулетіне.
Амандығын тілеймін Адамзаттың,
Аманшылық бере гөр Әулетіме.
Шүкіршілік Алланың бергеніне,
Атқан таң, шыққан күнді көргеніме.
Сұғанақ, қанағатсыз, тойымы жоқ,
«Тәубе» деймін нәпсімді жеңгеніме.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері