Жастығым-ау, қайта айналып келсейші – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Жастығым-ау, қайта айналып келсейші» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жастығым-ау, қайта айналып келсейші,
Құшағыма от жалын боп енсейші.
Өмірімнің көктемі едің, көркі едің,
Құдіретіңмен жанға қуат берсейші.
Сәнім кетіп, әрім кетіп барады.
Шырқырап жан, ышқына дем алады.
Жастығым-ау, қайта айналып келсенші,
Жастығымның қайда отты жанары.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері