Бәрін де ғазиз жүрек көтереді – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Бәрін де ғазиз жүрек көтереді» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бәрін де ғазиз жүрек көтереді,
Дертіне болмаған соң етер емі.
Шын сүйсең, жүрегімнің дүрсілі де,
Бір сенің құлағыңа жетер еді.
Бір әуен іштен шықпай тұншығады,
Бүгінде таңға жаным тыншымады.
Өзіңсің жастығымның ескерткіші,
Өзіңсің өшпей қалған бір шырағы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері