Өресі биік жартас ем, өсекшілерден үгілдім – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Өресі биік жартас ем, өсекшілерден үгілдім» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өресі биік жартас ем, өсекшілерден үгілдім,
Қайғысын қара халықтың көтере алмай бүгілдім.
Адамдар түгіл аңды да дос етпек едім тіл тапсам,
Есеппен ғана дос болған есерсоқтардан түңілдім.
Жақсылық қайтпай жасаған, тас атты талай тасадан,
«Күнәсін кеш» деп құлыңның, Аллаға тағы жүгіндім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері