Бұл бетте «Мәңгілік бақыт болмайды» атты Жарылқасын Аманұлы жазған бақыт туралы өлең берілген.
Мәңгілік бақыт болмайды,
Басыңа мәңгі қонбайды.
Мәңгілік емес тағы да,
Басыңа түскен сор-қайғы.
Өмір де түпсіз дария
Асып та тасып жатсаң да,
Көншіп бір көңіл толмайды.
Көңіл де күндей құбылар.
Көңілді – қайғы, күн көзін
Қап-қара бұлт торлайды.
Бақыттымын дегендер,
Әп-сәтте бір күн сорлайды.
Қор болып жүрген жанды да,
Әп-сәтте Алла қолдайды.
Басына пәле төнгенді,
Құтқарам десе бір Алла,
Әп-сәтте тағы қорғайды.
«Бүйтемін» деме күні ертең,
Күні ертең сенің дегенің,
Дер кезінде болмайды.
Алласыз асып-тасқандар
Ақыр соңында оңбайды.
Алланың бәрі еркінде,
Кім алдын қалай болжайды.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі