Бауырым Абайға – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Бауырым Абайға» атты Жарылқасын Аманұлы жазған бауыр туралы өлең берілген.

Арысым, ақ пейілім, Абайым-ай,
Жас толар сені ойласам жанарым-ай!
Ағалап жарқ-жұрқ етіп жүруші едің,
Жұлдызың ерте сөнді-ай, қарағым-ай.
Қайтейін сені өлімге қия алмадым,
Қазаңды естіп есті жия алмадым.
Көргенде Асланды құшаққа алып,
Көзімнен аққан жасты тыя алмадым.
Атадан артық туған Абайым-ай,
Маңлайға сыя алмадың, сыя алмадың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері