Ит өлім – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ит өлім» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Рас болса өмірге адам боп келгенің,
Адам болып, адал өл, ит өліммен өлмегін.
Өлексеге таласқан бұралқы иттер секілді,
Ит өлімдер көбейді, жеңілген кім, жеңген кім?
Адам деген ат қайда, қайда адамдық мейірімің,
Қарақшылар қаптап жүр, қанды қолсың кейбірің.
Қара түнді жамылып, қару алып атылып,
Қара қанын ағызып бірін-бірі жейді кім?
Адамды, адам жеп жатыр албасты да, аң да емес,
Дүние үшін бәрі де ата кегім бар демес.
Қаптап кетті ел ішін өкінішті ит өлім,
Қаптап кетті ел ішін қарақшы топ, қанды егес.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері