Қайтыңдар атақонысқа – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қайтыңдар атақонысқа» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қайтыңдар атақонысқа,
Қайтыңдар туған еліңе.
Қозғалып жатыр орыс та,
Қара орман мүкті жеріне.
Азаттық туы қолыңда,
Біріккін, халқым, ертерек.
Бостандық, теңдік жолында,
Ер керек жерге, жер керек.
Қарақан бастың қамы үшін,
Күн кешсек қазақ құриды.
Ұрпақтың азат таңы үшін,
Қалдырма сыртта бір үйді.
Үйірлі қасқыр елемес,
Аюлар айбат шексе де.
Халқым-ау, саның көп емес,
Елге жет «кет» деп тепсе де.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері