Қайтыңдар атақонысқа – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қайтыңдар атақонысқа» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қайтыңдар атақонысқа,
Қайтыңдар туған еліңе.
Қозғалып жатыр орыс та,
Қара орман мүкті жеріне.
Азаттық туы қолыңда,
Біріккін, халқым, ертерек.
Бостандық, теңдік жолында,
Ер керек жерге, жер керек.
Қарақан бастың қамы үшін,
Күн кешсек қазақ құриды.
Ұрпақтың азат таңы үшін,
Қалдырма сыртта бір үйді.
Үйірлі қасқыр елемес,
Аюлар айбат шексе де.
Халқым-ау, саның көп емес,
Елге жет «кет» деп тепсе де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қайтыңдар атақонысқа өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Қайтыңдар атақонысқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қайтыңдар атақонысқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қайтыңдар атақонысқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар