Амандық бер, бір Алла, балаларға

Бұл бетте «Амандық бер, бір Алла, балаларға» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Амандық бер, бір Алла, балаларға,
Қайғы салма ата мен аналарға.
Байлық, бақыт, кедейлік кемдік емес,
Тойсам тоба қара су, қара нанға.
Денсаулығым – байлығым басымдағы,
Көзім нұры, балаларым қасымдағы.
Кемпірім де көрінер Қыз Жібектей,
Жауқазыным болған соң жасымдағы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері