Қайда менің кешегі сыйластарым – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қайда менің кешегі сыйластарым» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қайда менің кешегі сыйластарым,
Қайда менің ет-бауыр қимастарым.
Еске түсіп жанымды елжіретіп,
Еңіретті-ау маңдайға сыймастарым.
Көрсетпестен жат мінез, өзге ниетті,
Қамқор болған әкедей жезде кетті.
Жетім бала секілді жаутаңдаған,
Қайран басым бұл күнде кезге жетті.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері