Қою керек еркеліктің барлығын – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қою керек еркеліктің барлығын» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қою керек еркеліктің барлығын,
Жақындады жасамыс шақ, жарлы күн.
Бойдан қуат, буыныңнан әл кетсе,
Кімге керек, серілігің, салдығың?
Қызықтырмас шешек атқан күнің де,
Бұлықтырмас ләззаты мол түнің де.
Айға шауып аласұрған арыстан,
Қартайған соң жалғыз жатар інінде.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері