Ата-ананы еске алу
Бұл бетте «Ата-ананы еске алу» атты Жарылқасын Аманұлы жазған ата туралы өлең берілген.
-
admin
- 07.01.2024
- 0
- 0
- 8519
Алланың көнер пенде салғанына,
Кім жеткен бұл жалғанда арманына.
Жалғызың қалды артта, ата-анам,
Шайнаған тісі батпай бармағына.
Бордай боп кейбір кезде үгілемін,
Еңсемді көтере алмай бүгілемін.
Сай болып тұрса дағы төрт құбылам,
Опасыз дүниеден түңілемін.
Өздерің көріп кеткен дала, аспан,
Саф ауа үн, демдерің араласқан.
Жандарың жаннатта ма, ата-анам,
Торықтым жер бетінен таба алмастан.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі