Алдыңнан Алла жарылқағай
Бұл бетте «Алдыңнан Алла жарылқағай» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 07.01.2024
- 0
- 0
- 1280
Өліміңе өкіндім, өзегіме шоқ түсті,
Кірпіктегі көз жасым қызыл, жасыл от түсті.
Алты қарыс азулы Төле бидің ұрпағы,
Тоқпанұлы Ас-аға ажал атты оққа ұшты.
Райына қарамай бір Алладан басқаның,
Бетіне айттың шындықты, қорықпадың да саспадың.
Таяғыңды үйірдің топастардың басына,
Тастаса да төбеңе тіреп тұрған аспанын.
Топырағым бір еді жаратылған Сізбенен,
Сіздей шыншыл ағаны армандап ем, іздеп ем.
Жайың болсын жаннаттан, қайғым қара бұлттай,
Өңім түстес бұл күні тұнжыраған күзбенен.
Найзағайдай шарт етіп, жайдай тіліп жарқ етіп,
«Бақұл бол» деп қоштаспай кеттің аға бізбенен.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі