Бұл жалғанның рақат, азабын да – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Бұл жалғанның рақат, азабын да» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бұл жалғанның рақат, азабын да,
Көрсет Алла мадағын, мазағын да.
Білу үшін қадірін жаннатыңның,
Жату үшін үн-түнсіз тозағыңда.
Азап көрмей, рақат көргендерді,
Мазақпенен, азаппен өлгендерді.
Бұл жалғанда немесе о жалғанда,
Өз қолында Алланың теңгермегі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері