Ғаламның сіңіп кеттім тылсымына – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ғаламның сіңіп кеттім тылсымына» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ғаламның сіңіп кеттім тылсымына,
Тылсымның кім түсінер қыр-сырына.
Ғалам сырты қаптаған тірі тозаң,
Құл болған құрбан болған құлқынына.
Аллаға шек келтіріп күнәһарлар,
Тағдырдың ұшырады қырсығына.
Алланың жақсылығын білмейтін көп,
Құйса да төбесінен нұр шұғыла.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері