Болады бәрі, толады – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Болады бәрі, толады» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Болады бәрі, толады,
Толады да солады.
Жандылар түгіл жансыз да –
Жалғанның аз күн қонағы.
Кердеңдеме, кекірме,
«Тойындым» деп секірме.
Мықты болсаң қарайлас,
Жесір менен жетімге.
Таулар да бір күн өшеді,
Құмдар да жал-жал көшеді.
Айналып шөлге барады,
Шалқыған Арал кешегі.
Опалы не бар жалғанда,
«Жалған» деп бәрі арманда.
Алдамшы мына дүние
Атадан мирас қалған ба?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері