Күн, айым, жылым, ғасырым – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Күн, айым, жылым, ғасырым» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Күн, айым, жылым, ғасырым,
Ақырын жылжы, ақырын.
Баратын жерім қаншалық,
Қаншама қалды шақырым.
Уақыт деген қас қағым,
Мен кәзір қанша жастамын.
Секілді кеше туғандай,
Өмірді жаңа бастадым.
Асыға көрме күн, айым,
Гүлдей боп тұрсын шырайым.
Ғасырың деген қас қағым,
Қас қағым сәтке шыдайын.
Мәңгілік жер мен аспаның,
Мәңгі емес бәрі басқаның.
Теңізде бір күн тартылып,
Көшеді тау мен таcтарың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері