Аққулар неге сыңсиды? – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Аққулар неге сыңсиды?» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аққулар неге сыңсиды?
Жүрекке сыңсып мұң құйды.
Шошытып жанды ақ шабақ,
Аспанға неге ыршиды.
Жұлдыздар неге ағады?
Жүрегім неге қағады?
Желкілдеп тұрған шыбықты,
Қырқып отқа жағады.
Балқаштың түні мұңданған,
Жағасы қайыр құмданған.
Айқайлап билер адамдар,
Араққа тойып жынданған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері