Ой да жоқ, ойландырған арман да жоқ – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ой да жоқ, ойландырған арман да жоқ» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ой да жоқ, ойландырған арман да жоқ,
Армандап мейірім шөлім қанған да жоқ.
Тойымсыз құзғын құлқын шоқымаған,
Жалғанда өлексе де қалған да жоқ.
Айырылып ұятынан, иманынан,
Не опа шегер адам жиғанынан.
Шалқыған күннің бәрі қараң батар,
Келмеген теңіз суы сирағыңнан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері