Қарасайдың жүрегін, Андас бидің шешендігің берген бе? – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қарасайдың жүрегін, Андас бидің шешендігің берген бе?» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қарасайдың жүрегін, Андас бидің шешендігің берген бе?
Суырылдың семсердей сұрқай заман келгенде.
Шыбын жаның шырқырап қиянатты көргенде,
Шамырқана жыр жаздың ішқұсалық шерменде.
Ер қадірін кім білген түйсіксіздер түңілтті-ау,
Еh, қадірін білер ел, әттең-ай деп өлгенде.
Тұлпарыңның тұяғы тасқа шауып кетілді,
«Елім» деген жүрегің жыртылумен жетілді.
Арыстандай айбатпен, жолбарыстай қайратпен,
Аңға атылып арылдап, өртке бұрдың бетіңді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері