Ақындарын туғызар заман ғана – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ақындарын туғызар заман ғана» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ақындарын туғызар заман ғана,
Заманыңды, ақыным, жамандама!
Ғаламды да бұзатын, заманды да
Дию, пері, жын емес, адам ғана.
Қандай текті болсаң да, бабаң дана,
Сені жолдан тайдырар адам ғана.
Заман – халық болмысы бет бейнесі,
Заманынды, халқынды жамандама.
Заманына бас ие – адам ғана,
Дана болса бас иең – алаңдама.
Қой үстіне бозторғай ұя салып,
Тыныштық орнар калаң, далаңда да.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері