Шыбыл балаларына – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Шыбыл балаларына» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тарадық бір атаның кіндігінен,
Бөлемін «бөтенсің» деп кімді-кімнен.
Шыбылдың ұрпағының арасында,
Атанған жалғыз ақын түңлігі мен.
Мен үшін бірің аға, бірің іні,
Құрысын қу дүние қолдың кірі.
Бәрің де бауырымсың бірге туған,
Болсаң да бірің майда, бірің ірі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері