Мені теңеп жүрген көп Абайға да – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Мені теңеп жүрген көп Абайға да» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мені теңеп жүрген көп Абайға да,
Бола салдым мен Абай қалай ғана?
Теңелерлік Абайға бар ма қазақ?
Өтсе дағы өмірден талай дана.
Абайдың түпсіз ойлы өлеңдері,
Гауһардай сәуле шашқан тереңдегі,
Күн сайын дұға етіп еске алған соң,
Рухы ұлы Абайдың жебер мені.
Айтарым, мені Абайға теңегенге,
Ағайын, басың шұлғып сене берме.
Шексіз теңіз – бұл өмір тербетілген,
Қайық та қабаттасар кемелерге.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері