Байлықты бедел санама – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Байлықты бедел санама» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Байлықты бедел санама, ерлердің басын бағала,
Ерекше ғып жаратып, тудырған Алла Тағала.
Әліңді біл, Аяз би, жолыңды біл құмырсқа,
Ақылсыз сөйлеп ақиып, жағаласпа жағаға.
Жомарт Алла беделге қоса берсе байлығын,
Қосарлана «туды» де оңнан, солдан ай-күнім.
Қуанышың тыйылмай, дастарқаның жиылмай,
Ел алдында асқақтар арыстандай айбының.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері