Өзектегі өртім қойды-ау басылмай – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Өзектегі өртім қойды-ау басылмай» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзектегі өртім қойды-ау басылмай,
Кейде отырам қас-қабағым ашылмай.
Тұңғиыққа түпсіз сүңгіп кетемін,
Метеориттің ағып түскен тасындай.
Кейде көңілім шексіз ғалам секілді,
Көк аспандай керіп жатам төсімді.
Жұбатқандай, жарылқағандай боламын,
Әлемдегі барлық жетім-жесірді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері