Шексіз қиялым-ай, шексіз ғаламды шарлаған – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Шексіз қиялым-ай, шексіз ғаламды шарлаған» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шексіз қиялым-ай, шексіз ғаламды шарлаған,
Тіршілік тозаңы болып тұңғиығыңда қарманам.
Жансыздарға әр беріп, жандыларға нәр берген,
Құдіретіңе, бір Алла, басымды иіп таң қалам.
Құдіретіңе, Раббым, ақыл мен ойым жетер ме?
Тылсымның сырын білсем деп, ұншықтым қанша бекерге.
Адамның тегі маймыл деп, маймыл боп кете жаздадым,
Ел сеніп түгел жатқан соң мен сеніп Дарвин есерге.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері