Арсыздық, ойсыз озбырлық – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Арсыздық, ойсыз озбырлық» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Арсыздық, ойсыз озбырлық,
Аздырып адам баласын.
Жыртқыштай қанын қоздырып,
Тұмшалар саңылау санасын.
Айырмай обал сауапты,
Көрсетіп топас мінезін.
Сәлемге бермей жауапты,
«Құдірет» көрер бір өзің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері