Жоқ деме
Бұл бетте «Жоқ деме» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жоқ болса да «бар» дегін, бар дегендер оңалар,
Бар боп тұрып «жоқ» деме, жоқ дегендер жоғалар.
Кім келсе де түнермей тұз-дәміңді татырғын,
Түгі де жоқ, үні жоқ обалар мен молалар.
Байғыз ғана мекендер оба менен молада,
Оған ешкім келмейді түстікке де, қонаға.
Кім келсе де түнермей түрегеліп қарсы алғын,
Хан да, қара, бәрі адам, алалаған оңа ма.
Қарайласқан кемтарға, ер көгерер алғыспен,
Мұратына жеткен кім, қиянат пен қарғыспен?
Жазықсызды жылатып, зәбірлеме жандыны,
Мейірімінді бөліскін адам түгіл аң-құспен.
Жасар болсаң жақсылық, жаның нұрға бөленер,
Жасай көрме жамандық, жазасы улы жебелер.
Он сегіз мың ғаламды тепе-теңдік сақтап тұр,
Сен біреуді жылатсаң, жыларыңа сене бер.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі