Қарттық осы
Бұл бетте «Қарттық осы» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмір сырын қандай жан ұға алады?,
Ұға алмастан барлығын құп алады.
Жарқылдатып жасындай бірте-бірте,
Сөндіред те қатардан шығарады.
Жарғанаттай жабысқан жар басына,
Бірі таяқ, біреуі арбасына,
Сүйенумен күйініп, күн батырып,
Дөңбекшумен күтеді таңды асыға.
Қарттық осы емі жоқ, қайыры жоқ,
Біразының баласы, зайыбы жоқ.
Түңілмейді сонда да тіршіліктен,
Қу қарттықтан басқа еш айыбы жоқ.
Жақсы адам қартайса қазына екен,
Қазымыр да кездесер пайымы жоқ.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі