Бұл бетте «Білем деме» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Білем деме, шексіз ғалам, тылсым өмір сырларын,
Білесің бе шексізден тыс не құдірет тұрғанын.
Әлем сырын білмек болып аласұрған жандар көп,
Білмек те емес, білген де емес бір данышпан, бір ғалым.
Ғалам сырын «аштым білдім» деген болса бір адам,
Қаһарынан Хақ Тағала құтылмайды күнәдан.
Адам түгіл Дию-пері, жан-жануар Патшасы,
Сүлеймен де тылсым сырын бір Алладан сұраған.
«Маймылдан деп түбім-тегім» мазақ болған адам-ай,
«Дарвин дара данышпан» деп, кәззап болған заман-ай.
Компартия жаратқандай он сегіз мың ғаламды,
«Алла атын атама» деп, дозақ болған заман-ай.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі