Ей, адамзат, дүние үшін алданба
Бұл бетте «Ей, адамзат, дүние үшін алданба» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 08.01.2024
- 0
- 0
- 1514
Ей, адамзат, дүние үшін алданба,
Еш қайыр жоқ алтыннан да, малдан да.
Иманыңның бары-жоғын сұрайды,
Бұл жалғаннан о жалғанға барғанда.
Ей, адамзат, иман керек бәріңе,
Иман керек жасыңа да кәріңе.
О жалғанда қараша да, хан да бір,
Қарамайды бақ пен дәулет беделіңе, әріңе.
Ей, адамзат, құлқыныңның қамы үшін,
Аяқ асты жатпасын ар мен намысың.
Қарның тойса құдайсына қалмаңдар,
Құдай емес, сен адамның қанысың.
Бір-ақ тамшы ата-анаңның қанысың,
Қаңдай таза болса деймін бар ісің.
Адамға тән ақыл қайда, ар қайда,
Неге ұятсыз кейбіреуің тағысың.
Әлсіздерге мейірімнен жұрдай боп,
Қарайсыңдар өліктей боп, сұрдай боп.
Әлді көрсең мысық, болып мияулап
Алдарында жорғалайсың құрдай боп.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі