Қара арғымақ арыса – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қара арғымақ арыса» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

«Қара арғымақ арыса қарға адым жер мұң болар»,
Кәріп етсе кәрілік кәдірлі басың сұм болар.
Арылдаған арыстан айға шауып мертіксе,
Аңдығаны тышқан мен ін маңында жым болар.
Тәубе де тәубе бар-жоққа, орынсыз асып-тасыма,
Кәрілік пенен кәріптік келместей көрме басыңа.
Талығың жүріп тұрғанда талқаныңды бөліскен,
Жақсылығың жоқ болса, жан жоламас қасыңа.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері