Солдат
Бұл бетте «Солдат» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кек бұлт кешіп күннің көзін жасырған,
Күз еді ол кектен тұман ашылған...
Келді шауып менің ағам ауылға,
Үстіне кек қару-жарақ асынған!
Жетіп келіп, шүйінші елден сұрады,
Көрдің бе, – деп, – күннің нұрын шашылған!»
Басында көк папағы бар сол ағам,
Папағына қызыл жұлдыз қадаған,
Қынабынан суырып ап қылышын, –
Жау қайдалап жан-жағына қараған!
Бірге онымен таңның туын көтеріп,
Қызыл ерлер шықты қала, даладан...
Жалт қарасам: аймағыма таң атып,
Күп сәулесін атырапқа таратып,
Ойдан-қырдан қиқу салған қырандай
Мінген екен аттарын ел жаратып,
Жаңа дүние қақпасы кең ашылып,
Қызыл нұрға тұрды қырды қаратып.
Басында көк папағы бар сол ағам,
Папағына қызыл жұлдыз қадаған,
Октябрьдің солдаты екен сұңқардай,
Тұлпарының жалын күнге тараған.
Ағама да, елге дағы, маған да
Өшпес өмір берген Ленин – ұлы адам.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі