Бірте-бірте – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Бірте-бірте» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бірте-бірте ғайып болып бәріміз,
Ұмыт болар шалқып салған әніміз.
Көшер, кетер, өшер жердің бетінен,
Біздер салған сәулет сарай сәніміз.
Даналардың сөзі, бәлкім, жатталар,
Ақындардың өлең жыры сақталар.
Халық қанын сорып өткен қорқаудың,
Моласы да, сүйегі де тапталар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері