Болмысы жаман адамның – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Болмысы жаман адамның» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Болмысы жаман адамның,
Жақсылығы жоқ, жалынба.
Маңсаптың құлы наданның,
Маңына бар ма, табынба.
Еркіндік атын қорлама,
«Ұл таптым» деген анаң бар.
Тамсанып оңай олжаға,
Таптата көрме табанға ар.
Опасыз мына жалғанда,
Жақсы ісің ғана қалады.
О дүниеге барғанда,
Нұр шашып қарсы алады.
Жандыға қылған жазаның,
Жауабы болмас демегің.
Тартасың сен де азабын,
Келгенде бір күн кезегің.
Түскенде Тәңір сотына,
Өлшеніп күнә, сауабың.
Дозақтың түсіп отына,
Бере алмай жүрме жауабын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері