Шексіз ғалам, қалай ұқтым сырыңды – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Шексіз ғалам, қалай ұқтым сырыңды» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шексіз ғалам, қалай ұқтым сырыңды,
Ұқпай өтті-ау, не бір дана бұрынғы.
Раббым-ау, шексіз тылсым сырына,
Сонша неге құштар еттің құлыңды?
«Ғалам шексіз, шектеулі ақын ойыңда,
Шексіз сырын білмесең де мойында.
Деген бір үн естіледі ғарыштан,
Білмейсің деп, не барын өз бойында».
Басымды идім құдіреттің күшіне,
Тылсым сырын алмас ешкім түсіне.
Жаратушы он сегіз мың ғаламды,
Ақыл мен ой жетпес Алла ісіне.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері