Ей, адамдар! – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ей, адамдар!» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ей, адамдар, зәбір берме жандыға,
Ая, ая, аңыратпа аңды да.
Бір Алладан мейірім, тоқтам сұрайық,
Жүрген жері, екі қолы қандыға.
Адам түгіл, аң-құстың бар киесі,
Мына жалған бәріне тең тиесі.
Жетім қалған марал лағын көргенде,
Қандай жанның босамайды жүйесі.
Атпа, атпа Аққу түгіл қарғаны,
Жазықсыздың тимей кетпес зардабы.
Мергендер жоқ шайналмаған бармағы,
Қара мерген құлан атып киелі,
Су қараңғы соқыр болып зарлады.
Сезім болса адамға тән бойыңда,
Мылтық түгіл қол созбағын сойылға.
Шыбын жаннан алтын тағым садаға,
Деген Патша сөзі жүрсін ойыңда.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері