Дос жылатып айтады – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Дос жылатып айтады» атты Жарылқасын Аманұлы жазған достық туралы өлең берілген.

Дос жылатып айтады жаны ашып,
«Жүрмесін» деп орынсыз асып-тасып.
Дұшпан мақтап күлдіріп, бүлдіреді,
«Жер қапсын» деп, жер болып бетін басып.
Дос пен қастың білмеген айырмасын,
Білер бір күн қанаты қайырылғанын.
Алла сүйген пендесін құлым десе,
Абыройдан сол құлын айырмасын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері