Алла, Аруақ жебеді – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Алла, Аруақ жебеді» атты Жарылқасын Аманұлы жазған діни тақырыптағы өлең берілген.

Алла, Аруақ жебеді,
Қатарға қосты, теңеді.
Ата-анадан бір жалғыз,
Жарым көңіл мен еді.
Бауырында өстім Әжемнің,
Әжемнің сөзі дем еді.
Ауырсам қолы ем еді.
Жүз жасқа келіп көз жұмды,
Өтсе де әжем өмірден,
Рухы әлі, әлі де,
Өркенімді өсірген,
Тілегі шығар Әжемнің,
Бата, алғысы көп еді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері