Күлкі азайып
Бұл бетте «Күлкі азайып» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күлкі азайып,
Мұң көбейіп барады.
Көңіл күпті,
Жан жүрегім жаралы.
Өткен күндер,
Көрген түстей бұлыңғыр,
Тербетпейді сананы.
Бірге өскен
Құлындарым қайда жүр
Көбінің жоқ хабары.
О, Жаратқан,
Күндер қайда кешегі?
Неден болдым жазалы.
Солғын тартып,
Бұл өмірдің ажары
Тарқағандай
Қызығы да базары.
О, Жаратқан өзің ғана,
Жоқ етер де, бар етер.
Атақ қуып алқынып,
Болған жоқпын қара тер.
Шүкіршілік мың мәрте,
«Адал жан» деп санаса ел.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі