Адам боп келдім өмірге – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Адам боп келдім өмірге» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Адам боп келдім өмірге,
Адам ғып өткіз, Тәңірім.
Болады екі ғаламда,
Өзіңнің еткен әмірің.
Көрсете көрме біреудің,
Қорлығы менен зәбірін.
Тілегім, Тәңір, бір сенен,
Кетпесін бедел, кәдірім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері