Қарап жатып енді міне шаршадым – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Қарап жатып енді міне шаршадым» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қарап жатып енді міне шаршадым,
Күш-қуатым бойымдағы қаншалық.
Көшедегі жасты көріп желіккен,
Қарай берем, қарай берем тамсанып.
Іштей мұңлы ыңыранып ән салып,
Әлде жылап отырмын ба, кім білсін,
Өткен шақтың елестерін қарсы алып.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері