Асықтар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Көктем шығып,
Жаз болып,
Далада ойнар мəз болып,
Асықтарым аз болып,
Көңiлiм жүр пəс болып...
Қоям кейде армандап,
Iшiмнен мен жалмаңдап,
Бiздiң үйге,
Шiркiн-ай,
Қонақ келсе бiр күнi-ай!
Атам сонда қой сойса,
Қуанар ем,
Ой, сонша.
Жатса үй-iшi ет асып,
Қойда бар ғой екi асық,
Ол менiкi болмақшы,
Өзiм үшiн сол жақсы...
Қонақ етке тояды,
Менде он асық болады!
Есептешi, ал ендi,
Сонда өзiмде бұрыннан
Қанша асығым бар едi?..
(Сегiз асық)

Мұны есептеп болсаң нақ,
Жиырма асығым болғанша ,
Атам қанша қой соймақ ?
(Алты қой)


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асықтар өлеңінің авторы кім?

Ескен Елубаев — осы өлеңнің авторы.

Асықтар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Асықтар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ескен Елубаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асықтар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері